Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы күні кеше Олимпиадалық рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық таэквондошы Смайыл Дүйсебай бір сатыға жоғарылады.
80 килодан жоғары салмақта сынға түсетін отандасымыз 8-орынға көтерілді. Оның еншісінде 231 ұпай бар. Дәл осы салмақта ел намысын қорғайтын тағы бір қазақстандық спортшы Руслан Жапаров 200 ұпаймен 14-орынға жайғасты. 80 кило салмақта бақ сынайтын Нұрлан Мырзабаев 129 ұпаймен 32-орынға тұрақтаса, 74 килодағы Қайрат Сарымсақов 118 ұпай еншілеп, 37-ші сатыға жайғасты.
Қыздар арасында 67 килода сынға түсетін Жансель Дениз 182 ұпаймен 10-шы орнын сақтап қалды.