• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2019

Маңғыстауда Жастар корпусын дамыту жобасы аясында 321 жоба іске асты

645 рет
көрсетілді

2019 жылы Үйлестіру агенттігі Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Жастар корпусын дамыту жобасын іске асырды. Бұл туралы Үйлестіру агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша үйлестірушісі Г. Қарабалаева хабарлады.

Жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе, осал топтарын қоғамға бейімдеу және нәтижелі жұмыспен қамтуға қажетті дағдыларды дамыту арқылы қоғамдық пайдалы қызметке тарту.

Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарға (мектеп жасындағы оқушыларды есептемегенде), яғни өз әлеуетін, өмірлік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Жобада ерекше басымдық жұмыс істемейтін және оқымайтын, сондай-ақ жұмысы бола тұра, табысы төмен қатысушыларға беріледі.

Жоба аясында Маңғыстау облысында 321 жоба іске асырылды, онда 1070-ке жуық жас қатысып, олар өздерінің бастамаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде гранттар алды. Сонымен қатар өмірлік дағдылар мен жобаларды басқару бойынша бірегей оқу бағдарламасынан өту мүмкіндігі берілді. Жобалық стипендияларға ай сайын әлеуметтік стипендия төленді (түлектерге 60 000 теңге, қалған қатысушыларға 40 000 теңге). Әлеуметтік жоба іске асырылған кезеңде мына бағыттар бойынша кіші жобалар ашылды: 93 ауыл шаруашылығының ет және сүт өнімдері, 26 білім беру орталығы, 17 демалыс орталығы мен шығармашылық үйірмесі, 19 спорт орталығы мен фитнес клубы, 24 наубайхана мен кондитерлік, 29 тігін және аяқ киім шеберханасы, 3 сұлулық салоны.

Жобаны іске асырудағы маңызды кезең – бұл Маңғыстау облысының іске асырылған әлеуметтік жобаларының нәтижесін 2019 жылдың 11 қарашасында өтетін өнімдер көрмесі мен Өңірлік форумында қорытындылау. Форум «Атамекен» АЭС, «Даму» Қоғамдық қорының өкілдері, мәслихат депутаттары және Үйлестіру агенттігінің қызметкерлері, Маңғыстау облысынан қатысушылар мен жоба тәлімгерлерінің қатысуымен өтеді.