Сәрсенбі, 22 мамыр 2013 0:58
2013 жылғы 26 наурыз Астана, Үкімет Үйі
«Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007ж., № 50, 626-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасында:

2- тармақша:
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) жылжымалы өрт сөндіру техникасы және арнайы өрт сөндіру автомобильдері;»;
Мынадай мазмұндағы 41), 42), 43), 44) және 45) тармақшалармен толықтырылсын:
«41) су себетін және жуатын машиналар;
42) вакуумды машиналар;
43) қоқыс тасығыштар;
44) доңғалақты тракторлар;
45) трансформаторлар.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.