Санкт-Петербургтан арнайы келген делегацияның Алматыдағы сапары жалғасуда. Меймандар бұл жолы қаладағы мәдени ошақтарды аралады. Қонақтар әуелі Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне ат басын бұрды.
1200-ден астам экспонат сақталған мұражай залы жеті тармаққа бөлінген. Әрқайсысы әр кезеңге жіктеліп, сол дәуірдің өнер майталмандары ұстаған аспаптар қойылған. Онда VIII бен X ғасырларға тиесілі сырнай, уілдек, сыбызғы сынды аспаптар қойылған. Делегаттарды қазақ мәдениетімен етене таныстыру үшін «Алатау» этно-фольклорлық ансамблі концерт қойды.
Алматы