• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қараша, 2019

Арнайы тактикалық оқу-жаттығу

888 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында қысқы кезеңге дайындық шеңберінде 5 және 6 қарашада 2019-2020 жылдары халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Қизатовтың басшылығымен «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

«Қыс – 2019» оқу-жаттығу алаңда, 5 кезең бойынша өткізілді: 1 оқу кезеңі – ава­рия­лық-құтқару құрамаларының сап түзеуі, 2 оқу кезеңі – жылу құбыр­ла­рынд­ағы аварияны, сондай-ақ элек­тр­­энергетикалық желілердегі электр бе­ру желілерінің үзілуін жою. Қатты аяз сал­дарынан жылу желілерінің апатты өші­рілуі орын алды. Туындаған жағ­дайды жою үшін оқиға орнына «Астана-теплотранзит» авариялық брига­далары жіберілді.

3 оқу кезеңі – зардап шеккендерге арналған жылыту және тамақтану пункттері. Қабылдау пункті құтқарушы­ларға демалуға, жылынуға және тамақ­тануға, сондай-ақ «Апаттар медицинасы орталығы» дәрігерлерінің зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге мүм­кіндік береді. Жылыту, медициналық көмек көрсету және тамақтану  пункт­терінде көмек көрсетудің тұрақты қа­тысу­шысы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қызыл жарты ай қоғамының филиалы болып табылады.

4 оқу кезеңі – биік ғимараттан өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын жүргізу. Оқу-жаттығудың сценарийі бо­йынша Тұрғын үй кешенінің 7-қабатында электр сымдары мен кабельдердің тұйықталуы орын алды. Шұғыл түрде ша­қырту орнына өрт сөндіру, құт­қа­ру бөлімшелері келіп жетеді, олар аль­пинистік құрал-жабдықтардың көме­гімен, автосатыны көтеру, сондай-ақ «Өмір текшесіне» секіру құрылғысын қолдану арқылы  адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді. Апаттар медицинасы орталы­ғы, 103 қызметі зардап шеккендерге медици­налық көмек көрсетті.

5 кезең – Нұр-Сұлтан – Қарағанды автожолында қар басқан автобустан жолаушыларды эвакуациялау және балықшыларды іздеу. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша 112 құтқару қызме­тіне Нұр-Сұлтан-Қарағанды рейстік автобусының жолаушыларынан жауын-шашын мен 25 м/сек екпінді желдің салдарынан жолаушылар тобы бар автобус қар құрсауына түскендігі туралы  қоңырау келіп түсті. Төтенше жағдайлар туындаған жерге шұғыл көмек көрсету үшін Департаменттің күштері мен құралдары, құтқару жасағы, 5573 әскери бөлімінің 25 әскери қызметшісі, Трэкол жоғары өтімді автокөліктерімен медициналық бригадасы жіберілді.

Осы күні балықшылардың туыс­қандарынан мұз астынан балық аулауға шыққан жақындарының қатты боран салдарынан ауа райының қолайсыздығына тап болғаны туралы қоңырау келіп түсті. Іздестіру үшін құтқарушылар мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері құрамында жедел топ құрылды. Сек­торлар бойынша бөліне, сондай-ақ кино­логиялық есепті және құтқару техникасын қолдана отырып, медициналық бригадаға жеткізілген зардап шеккендер табылды. Оқу-жаттығудың тағы бір ке­зеңі өрт сөндіру және биік ғимараттан құтқару жұмыстарын жүргізу болды.

 «Бүгін біз елорданың жедел әрекет ету қызметтерінің қаншалықты да­йын екеніндігіне куә болдық, сондай-ақ оқу-жаттығуда жолаушыларды эва­куа­­циялау, зардап шеккендерді құт­қару және медициналық көмек көр­се­­ту бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар пысықталды. Мен бү­­­­гін­гі оқу-жаттығу сәтті өтті деп есеп­­­­­тей­­­мін, өйткені барлық алға қой­ған­ мақсаттарға қол жеткіздік», – де­ді Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағ­­­дай­лар департаменті бастығының мін­детін уақытша атқарушы, полковник М.Аманбаев БАҚ өкілдеріне берген сұх­батында.

Оқу-жаттығуға барлығы 31 техника мен жеке құрамнан 126 адам жұ­мыл­дырылды.