Сенбі, 1 маусым 2013 1:07
2013 жылғы 25 ақпан, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 қаулысының кейбір тармақтарының қолданылуын тоқтата туру туралы

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуды тоқтата тұру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:1. 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін:1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2462 тіркелген) бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесінің 18, 19, 20, 21, 22, 23-тармақтарының қолданылуы;2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 17 ақпандағы № 24 (1447) жарияланған) бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесінің 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24-тармақтарының, сондай-ақ 2 және 4-қосымшаларының қолданылуы тоқтатыла тұрсын.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Ұлттық Банк Төрағасы Г.МАРЧЕНКО.
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 10 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8410 болып енгізілді.