• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Қараша, 2019

Олимпиада-2020: 23-ші жолдама қоржында

170 рет
көрсетілді

Қатар астанасы Дохада нысана көздеу бойынша Азия чемпионатында үш позицияда (50 метр) шағын калибрлі мылтықтан ату бойынша ерлер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті.

ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, сарықұрлық біріншілігіне қатысқан қазақстандық спортшы Юрий Юрков аталған санат бойынша Олимпия ойындарының лицензиясын жеңіп алды. Азия чемпионатында отандасымыз алтыншы орын иеленген-ді. Олимпиадалық іріктеу жарысының ережесіне сәйкес, құрлықтық біріншілікте 3 жолдама сарапқа салынды.

Жолдамаға ие болу үшін спортшылар үздік үштік қатарынан көрінуі керек болатын. Бірақ Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларда Олим­пиада жолдамасы болғандықтан, ли­цен­­зия автоматты түрде алтыншы орынға дейінгі спортшыларға үлестірілді. Осы­лайша Юрий Юрков ел қоржынына 23-ші жолдаманы салды.