• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2013

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы №3-НП

248 рет
көрсетілді

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы №3-НП

Сәрсенбі, 5 маусым 2013 0:53

 2013 жылғы 16 сәуір  Астана қаласы

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіқаулы етеді:

1. Мыналар:

1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасы, 1-қосымшаға сай;

2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасы, 2-қосымшаға сай бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 2-НП нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7190 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 қазанда № 488-490 (26882) жарияланған);

2) «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері 2011 жылғы 12 тамыздағы №1-НП және «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 18 тамыздағы №2-НП нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 1-НП нормативтік қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7808 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 9 тамызда № 483-488 (27561) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы (В.В. Супрун) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жа­рияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға А. МУСИН.