Бейсенбі, 27 маусым 2013 1:05
2013 жылғы 15 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бейсенбі, 27 маусым 2013 1:05
2013 жылғы 15 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:1. «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 708-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасында:4-тармақта:7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«7) рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдiк рұқсат, үшiншi елдерге (елдерден) тасымалды орындауға арналған рұқсат, арнайы рұқсат);»;10) тармақша алынып тасталсын;мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:«5-1. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), шет мемлекеттің аумағы арқылы транзиті мынадай түрлердегі шетелдік рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады:1) жүк тасымалына арналған шетелдік рұқсаттар;2) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар;3) күнтізбелік бір жылға қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар.»;8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«8. Жыл сайын 10 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан жылдық өтiнiмдердi қабылдайды.Жылдық өтiнiмде:1) отандық тасымалдаушының атауы;2) қызметтiң түрi;3) заңды мекенжайы;4) ұсынылған автокөлiк құралдарына рұқсат беру куәлігінің және (немесе) лицензиялардың, рұқсат беру карточкасының нөмірі;5) тасымалдың түрi;6) тоқсан бойынша, болжамды жол жүру уақыты мен жылжымалы құрам бойынша бөле отырып, елдер және орындалатын тасымалдардың түрлерi бөлiнiсiнде шетелдiк рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.Жылдық өтiнiмнiң нысаны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) интернет-ресурсында орналастырылады.»;9-тармақ алынып тасталсын;10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«10. Жыл сайын 10 – 30 қыркүйек мерзiмінде уәкілетті орган отандық тасымалдаушылардан күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттардың қажеттi саны туралы жылдық өтiнiмдердi қабылдайды.»;12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«12. Жиынтық жылдық өтінімдердің қорытындылары бойынша жалпы жиынтық жылдық өтінім қалыптастырылады.Қалыптастырылған жалпы жиынтық жылдық өтiнiм уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«14. Шетелдік рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасын белгілеу мәселесi бойынша тиiстi мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiссөздер жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн аумақтық органдар ағымдағы жылғы 10 қазанға дейiнгi мерзiмде уәкілетті органға отандық тасымалдаушылардың шетелдiк рұқсаттарға деген қажеттiлiгінің саны туралы жалпы жиынтық жылдық өтiнiмдi жібереді.15. Уәкілетті орган шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасын келiседi.»;21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«21. Уәкілетті орган шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген, белгiленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесiн ескере отырып, күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды үлестiреді.22. Аумақтық органдар бөлінісінде үлестірілген шетелдік рұқсаттардың саны туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:«23-1. Отандық тасымалдаушылар жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүк тасымалына және жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттардың бланкілерін алуға қосымша өтінімдерді берген және талап етілмеген шетелдік рұқсат бланкілері болмаған жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттің уәкілетті органдарымен хат алмасу арқылы ағымдағы жылға тиісті шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын келіседі.»;27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«27. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды:1) жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлiгi, рұқсат беру карточкасы және жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде ұсынылған автокөлiк құралдарына техникалық байқаудың халықаралық сертификаты;2) жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде халықаралық қатынастарда жолаушыларды және багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензия бар болғанда бередi.28. Көлiктiк бақылау комитетi отандық тасымалдаушыларға күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды халықаралық қатынастарда жолаушыларды және багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензиялары бар болғанда бередi.»;36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«36. Көлiктiк бақылау комитетi және аумақтық органдар қайтарылған шетелдiк рұқсаттардың есебiн елдер бөлiнiсiнде жүргiзедi.Шетелдiк рұқсаттардың есебi елдер бөлiнiсiнде берiлген және қайтарылған шетелдiк рұқсаттардың есеп журналын электронды түрде жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.Журналда мынадай мәлiметтер көрсетiледi:1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi, жеке сәйкестендiру нөмiрi;2) отандық тасымалдаушының атауы;3) тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны;4) жөнелту елi;5) бару елi;6) қатынау маршруты;7) рұқсат түрi;8) рұқсаттың қолданыс мерзiмi;9) рұқсаттың берiлген күнi және нөмiрi (сериясы);10) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенiн растайтын құжаттың нөмiрi (болған кезде) және күнi, алым сомасы (рұқсат берiлген кезде).»;40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«40. Мынадай жағдайларда отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беруден бас тартылады:1) жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға отандық тасымалдаушының рұқсат беру куәлiгiнiң, ұсынылған автокөлiк құралдарына рұқсат карточкаларының болмауы;2) халықаралық және қалааралық қатынастарда жолаушыларды және багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензиялардың болмауы;3) бiр автокөлiк құралына екi және/немесе одан да көп қолданыстағы рұқсат карточкаларының анықталуы;4) шетелдік рұқсаттарды беру туралы немесе күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды беру туралы хабарламаның отандық тасымалдаушыға жолданған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым сомасын төлегенiн куәландыратын төлем құжатын ұсынбауы;5) шетелдiк рұқсаттардың аумақтық органда және Көлiктiк бақылау комитетiнiң резервiнде болмауы;6) осы Қағиданың 11-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;7) осы Қағиданың 33-тармағында белгiленген талаптарды жыл ішінде орындамауы.»;44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«44. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиелген кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткені үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.»;47-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«47. Тіркеу және ерекше белгілері жоқ және басқа мемлекет аумағында пайдалануға арналған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша және Қазақстан Республикасының аумағынан жүгі бар немесе жүгі жоқ автокөлік құралдарының транзиттік жүруі, егер осы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес келетін болса, көлік құралдарының (жаңа немесе пайдалануда болған) алғашқы бос жүрісін қоспағанда, рұқсат құжаттарының (отандық рұқсат, арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.»;48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«48. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк тасымалдарды жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыда отандық рұқсат болмаған жағдайда, сондай-ақ, егер келісімдерде Қазақстан Республикасының аумағына шетел автокөлік құралдарының кіруіне (шығуына) арналған рұқсат бланкілерін іске асыру көзделетін болса, шетелдік тасымалдаушылар көлiктiк бақылау функцияларын жүзеге асыратын құзыреттi органдардан тиiстi рұқсатқа сұрау салады. Көрсетілген рұқсат оған Кеден Одағының кедендiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау постыларында Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткені үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн берiледi.»;49-тармақ алынып тасталсын;52-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiрудi (шығуды), халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж және жүк тасымалын жүзеге асыратын шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн, сондай-ақ үшiншi елдерге (елдерден) тасымалды, отандық рұқсат беру құжаттарын берудi тiркеу Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiрудi (шығуды), шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн, отандық рұқсат беру құжаттарын берудi тiркеу журналында электронды түрде жүзеге асырылады.»;53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«53. Отандық рұқсаттар, үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған рұқсаттар бланкiлерiнiң нысандарын Көлiктiк бақылау комитетi әзiрлейді және бекiтедi, олар баспаханалық тәсiлмен дайындалады, реттiк нөмiрi және кемiнде үш қорғану дәрежесi болады.».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.