Кеншілер астанасындағы «Достық үйінде» еліміздегі татар және башқұрт конгресі өкілдерінің ұйымдастыруымен «Чак-Чак Байрам» мерекесі өтті.
Аталған шарада қонақтар түрлі әдістермен әзірленген чак-чак өнімдерінен дәм ауыз тиді. Сондай-ақ бұл кеште татар халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдері көрсетіліп, одан кейін әндер мен билерден тұрған концерттік бағдарлама ұсынылды.
«Чак-Чак Байрам» мерекесін ұйымдастырушылар мен қонақтарды Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын құттықтап, мұндай мерекелердің түрлі этностар мен діни сенімдегі адамдар арасындағы қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізетінін атап өтті.
– Біздің мақсатымыз – еліміздің игілігі мен өркендеуі үшін ынтымағы жарасқан бір отбасы аясында бәріміз бірігіп жаңа Қазақстанды құру ісіне өзіндік үлесімізді қосу, – деді ол.
Мереке соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шамиль Осин кештің белсенді қонақтарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.