Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік архиві Тұңғыш Президент – Елбасы күніне арналған «Ел бақытын ұлықтаған Елбасы» атты көрме өткізді.
Оның мақсаты - Елбасы Н.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолынан кеңейтілген ақпарат беру екен. Сонымен қатар Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында көрсетілген «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы аясындағы жұмыстар таныстырылды. Архив директоры Сәуле Мәлікова өзінің сөзінде осы бағдарламалардың арқасында Қазақ даласындағы үлкен оқиғалар мен тұлғаларға қатысты құжаттар көрші Ресей елінің бірнеше қаласынан жеткізілгендігі айтылды. Соның ішінде Ноғайбай би, Петропавл қаласының мешіттері, 1898, 1900, 1901 жылдарда жарық көрген «Дала уәлаяты» («Киргизская степная газета») газеті және т.б. тарихи құжаттардың фотокөшірмелері жиналғандарға таныстырылды.
Көрмеге қатысушылар арасынан М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Зарқын Тайшыбай Елбасының елдің іргесін бекітудегі ұланғайыр еңбегі туралы жиналған оқытушылар мен студенттерге қысқаша әңгіме айтып берді. Ал жергілікті өнерпаз, дәстүрлі әндер орындаудың шебері Кәмилә Әлібаева 1991 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау қарсаңында Қызылжарға келген сапарында оның алдында орындаған әні туралы қызықты әңгіме айтты.
ҚЫЗЫЛЖАР