Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы Магнитогорскіде жергілікті «Металлург» командасымен ойнады.
Кездесудің алғашқы шайбасын ойынның жетінші минутында мұзайдын иелерінен Сергей Мозякин соқты. Мозякинді хоккей жанкүйерлері Олимпиада және Әлем чемпионы ретінде жақсы таниды. Матчтың бірінші кезеңі 1:0 есебімен аяқталды. Үзілістен кейін «Барыс» сапынан Павел Акользин таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ал қосымша уақытта Линус Виделль нысананы дәл көздеп, командасына жеңіс сыйлады. Есеп – 1:2.
Бұл жеңісінен кейін «Барыс» «Шығыс» конференциясында 38 ұпаймен 5-орында келеді. Жерлестеріміз келесі кездесуін бүгін Екатеринбургте «Автомобилист» клубына қарсы өткізеді.