• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қараша, 2019

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арбалар берілді

321 рет
көрсетілді

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  мәліметінше, еліміздегі «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі 7 адамға денсаулықтарын оңалтуға арналған арнайы арбалар берілді.

Қайырымдылық шарасы «NFC Kazakhstan» ЖШС-ның қолдауымен жүзеге асты. Ал, «NFC Kazakhstan» ЖШС өкілі Жарқын Тұрышевтің айтуынша, компания еліміз бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға 20 миллион теңгеге көмек көрсеткен. 

Біздің өңірдегі Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен тығыз байланыста жұмыс жасауда. 

Биыл әмбебап «umbrella» поляк фирмасының үш арқалығы бар арбасы, ересектерге арналған бір жүріс арбасы,  балаларға арналған ресейлік «Mega Optima» фирмасының бекіткіші бар 5 арбасын бірлесіп 2 миллион теңгеге сатып алған.

Сондай-ақ компания өңірдегі  көп балалы отбасылардың тізімін алып, алдағы уақытта олардың мектептерде оқитын ұл-қыздарына  қайырымдылық жасамақшы.

Басқармасының мәліметінше, арнайы құрылғыларды өздігінен сатып алу қиын. Бір арқалығы бар арба – 200 мың теңге, бекіткіші бар жүріс арбасы – 80 мың теңге, ал, кейбірінің бағасы 400 мың теңге.

-Ұлым Бауыржан сал ауруымен ауырады. Өзі отыра алмағандықтан арқалығы бар арба қажет болды. Әкімдікке өтініш жазып, кезекке тұрдық. Бүгін өте қуаныштымыз. Бізге арнайы «umbrella» арбасын сыйлады. Облыс әкіміне және демеушілерге алғысымды білдіремін, дейді екібастұздық Гүлнұр Нұрхаева.

Биыл 79 тұрғынға арнайы қозғалыс құралдары берілген. Облыс бойынша арнайы құрал-жабдықтарға мұқтаж жандар тізімінде - 700 адам бар. Олардың 50-і балалар.

Сонымен бірге, жуырда облыс  орталығына қарасты Кенжекөл ауылында мүгедектерді оңалту кабинеті ашылды. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған.