Облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, Тараз қаласындағы келеңсіз орын алған жағдайдан соң өңірдегі білім беру саласындағы бақылау департаментімен бірлесіп мектептердегі дәретханалар жайы тексерілген.
Жалпы жүргізілген талдауларға сәйкес, облыстағы ауыл қаланы қосқанда 356 мектеп бар. Осы мектептердің 233-сінде дәретханалар әлі күнге дейін сыртта орналасқан.
Мысалы, облыс орталығындағы 54 мектептің екеуінде, №31 және 32 мектептерде, Ақсу қаласындағы 20 мектептің біреуі - Беловка ауылындағы мектеп.
Қазір осы 233 мектептің дәретханаларының сыртта орналсауына орай, Ішкі істер департменті мектеп инспекторлары мектеп аумағында үнемі патрульдеуді жүзеге асыруы қажет екенін тапсырды.
Сонымен қатар мамандандырылған күзет құрылымдарымен келісімшарт жасау арқылы мектептер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және облыстың барлық оқу орындарында дабыл түймелерін орнатуды ұсынды.