• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қараша, 2019

Қарағандыда «Жан Дос» қоғамдық сыйлығының иегерлері марапатталды

202 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында «Жан Дос» қоғамдық бірлестігі халықаралық мүгедектер күніне орайластырып мүмкіндігі шектеулі жандарды атаулы сыйлықтармен марапаттады.

Салтанатты шараға мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, Nur Otan партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қоғамдық және мемлекеттік қызметкерлерден құралған комиссияның шешімімен мына төмендегі азаматтар «ЖанДос» қоғамдық сыйлығының тұңғыш иегерлері атанды:

Мейірім Орынбаев, MEIIRIM оңалту орталығының жетекшісі, «Ғибрат» жастар денсаулық орталығының қызметкері – «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық қызмет саласындағы үздік жетістіктері үшін»;

Кәріпбек Күйіков – «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолданбалы өнер саласындағы жетістіктері үшін»;

Біржан Әбжанов – «Вокалдық орындау саласындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың үздік жетістіктері үшін»;

Наталья Звягинцева – «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың спорт саласындағы жетістіктері үшін»;

Виктория Титова – «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәдениет саласындағы жетістіктері үшін»;

Айдана Нұртазина – «Арбада билеу саласындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жетістіктері үшін»;

Таңсәуле Серіков, ҚарМТУ қызметкері – «Белсенді еңбек қызметі үшін»;

Татьяна Головченко, сурдоаудармашы және педагог – «Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесі үшін»; Валерия Нефедова, кәсіпкер – «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мейірімді қарым-қатынасы үшін»;

Светлана Сбродова, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі – «Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін БАҚ-та үздік жариялағаны үшін».

Ұйымдастырушылар  «Жан Дос» қоғамдық сыйлығын тапсыру  шарасының жыл сайын ұйымдастырылып отыратын жариялады.