Биыл Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы мен аумақтық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 5015 адам арыз-шағым айтып жүгініпті. Олардың арасынан 2426 өтініш оң шешімін тауып, қанағаттандырылған. Яғни, партияға сенім артқан тұрғындардың 48,3 процентінің үміті ақталды.
Жақында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «нұротандықтар» алдына жаңа талаптарқойған болатын. Жергілкті ұйымдар осы талаптарды ескере отырып, партия филиалдары органдарының, партиялық бақылау комиссияларының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмыстарын күшейту, партия «құрамын тазарту»жұмыстарына қызу кірісті.
Сындарлы жұмыс нәтижесінде жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол берген және партия жарғысына сай келмейтін жат қылықтар көрсеткен 1 партия мүшесіне ескерту берілсе, 14 адам партия қатарынан шығарылған екен. Сондай-ақ, партиялық бақылау комитетінің 3 отырысында 24 адамға қатысты партиялық жаза қолданылыпты.
- Nur Otan партиясының бүгінгі ұстанымы – азаматтардың өтініштерін тиімді және жедел шешу үшін қоғамдық қабылдаулардың жұмысын жаңғырту болып отыр. Нәтижесінде, мемлекеттік мекеме басшылары азаматтарды қабылдауда белсенділігі артып, соның арқасында халықтың көптеген сұрақтары жылдам және тиімді шешілуде. Жалпы, әлеуметтік сауална қорытынсы бойынша, құқық қорғау саласына қатысты мәселені шешуде партияға деген халық сенімі соттан кейін екінші орында тұр, - дейді Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева.