• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Желтоқсан, 2019

Полиция ардагерлеріне – ерекше сый

364 рет
көрсетілді

Полиция департаменті жанында жұмыс істейтін ардагерлер кеңесі–өңірдегі ең ауқымды ұйымдардың бірі. Оның құрамына екі мыңнан астам ардагер топтасқан.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында полиция ардагер­леріне тосын сый жасалып, үлкен құрмет көрсетілді. «По­лиция департаментінің бас­тығы Марат Төлебаев ардагерлер кеңесінің ұсынысына қолдау көрсетіп, саналы ғұ­мыр­­ларын ішкі істер саласына арнаған 13 зейнеткердің жақсылап тынығып, ем-дом алуына мүмкіндік жасалып отыр. Қалыптасқан дәстүр ал­дағы уақытта да өз жалға­сын табады», деді кадрлар жө­ніндегі маман Қапез Дәулет­баев ардагерлерді алыс жолға шығарып салу рәсімінде.

Топ құрамында облы­с­тық, аудандық ішкі істер ор­ган­дарының байырғы қыз­мет­керлері бар. Алматыдағы «Қазақстан» санаторийіне жоғары көңіл-күймен аттан­ғандардың бірі Сәуле Нұр­м­ұ­қанова көші-қон басқар­масында қызмет атқарса, Еркебұлан Жамұқов пен Мұх­тар Қазбеков өздеріне се­ніп тапсырылған іске жауап­кер­­шілікпен қарап, мінсіз атқарған. Қай-қайсысы болсын үлкен мереке қарсаңында ұйымдастырылған сапарға деген дән ризашылықтарын жасырмайды. Зейнет жасына шықсақ та, ұмытпағандары қуантады, дейді олар.

Ардагерлер кеңесі төраға­сының орынбасары Михаил Быдлыхтың айтуынша, мұн­дай шаралар әр мерекемен орайластырылып, 150-ден астам жолдама беріліпті. Жол көрсетуге, туындаған түйт­­кілді мәселелерді шешуге көмектесу үшін депар­та­менттің кадрлық саясат басқармасының офицері үнемі бірге жүреді. Бұл жолы ақбас Алатау баурайына бет алғандардың ең үлкені сексен­нің сеңгірінен асқан.

 

Солтүстік Қазақстан облысы