• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2013

Шеберлік сыныбы екі адамның өмірін сақтап қалды

232 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы өңірлік кардиохи­рур­гиялық орталықта Литвадан келген кардиохирург Римантис Бенетис жергілікті кардиохирургтерге шеберлік сыныбын өткізді. Алғаш рет науқастың жүрек бөлігінің қақпақшасын алмастыру үшін екі адамға тегін ота жасалып, сәтті аяқталды.

– Мен жасаған мұндай оталарды жергілікті кардиохирургтер де жасай алады. Өйткені, сіздердің орталықтарыңыз заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Араларыңызда олардың тілін білетін мамандар да бар, – деді литвалық дәрігер. Ол сөз арасында қазақстандық дәрігерлердің өзі басқаратын Каунас кардиологиялық емханасына келіп, жұмыс барысымен танысып, білімдерін жетілдіре алатынын да жеткізді. Жарты жылға жуық уақыт Астанада дәрігерлермен жүйелі түрде жұмыс жасайтынын да айтып өтті.

Облыс орталығындағы өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылған жарты жылдың ішінде 900-ге жуық ота жасалды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар.