• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Желтоқсан, 2019

Мал ұрлығы – қоғамдық мәселе

1287 рет
көрсетілді

Бүгінде қоғамда мал ұрлығы әрбір шаруаның мазасын алған мәселеге айналып отыр. Қыс мезгілі келіп, соғым уақыты таяғанда мал ұрлығының тіпті жиілеп кететіні де рас. Ал сол мал ұрлығының өңірлерде ашылу көрсеткіші қандай деген мәселе де бар. Сонымен қатар адамдарды еңбекке заңсыз жегу сияқты мәселелер де күн тәртібінде өте өзекті. Яғни ел арасында кейбір шаруалардың шетелдік азаматтарға малын бақтырып қою әрекеті де толастамай отыр.

Жамбыл облыстық полиция департаменті мал ұрлығының алдын алу және жағдайды жедел жақсарту мақсатында өңір бойынша «Қашар» іс-шарасын ұйымдастырған болатын. Іс-шара барысында облыс аумағындағы 731 мал шаруашылығы қаралған еді. Департаменттің мәліметі бойынша, жедел алдын алу шарасының нәтижесінде мал шаруашылықтарына қарасты 19 адамның тұрақты тұрғылықты жерінің жоқ екені анықталған. Ал тексерілген мыңға жуық қару иелерінің 63-і қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін жа­уапқа тартылып, 49 атыс қаруы тәркіленген. Сонымен қатар белгі салынбаған 39 бас мал анық­талып, ұрланған 100 бас малдың табылуы да мал ұр­лығының үдей түскенін көрсетсе керек. Сондай-ақ «Қашар» іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау үшін де Жамбыл облысының аумағында ұйымдастырылған «Қашар» жедел алдын алу өз нәтижесін берді. Оған Жам­был облыстық полиция де­партаменті көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің жеке құрамы қатысқан болатын. Байзақ ауданының Те­гіс­­тік ауылындағы жеке ша­­­­­­руашылықты тексеру б­ары­сында заңсыз көші-қонға қар­сы күрес жөніндегі арнайы жек­е рота қызметкерлері заңсыз ең­­бек қызметімен айналысатын Өз­бекстан Республикасының төрт азаматын анықтаған. Қазір шет­елдік азаматтарға қатысты Әкімшілік-құқық бұзушылық ко­дексінің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оларды ел аумағынан шығарып жіберу мәселесі шешілуде.

Облыстық полиция депар­таментінің мәліметі бойынша, биыл мал ұрлығының 185 де­регі тіркеліп, оның 144-і ашылған. «Қылмыстардың ашы­лу көрсеткіші былтыр 53,2 пайыз болса, осы жылы 70,2 пайызды құрап отыр. Са­лыстыра қарағанда ашылу көр­­сеткіші биыл 17 пайызға арт­қан. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерімен жүр­гі­­зі­ліп жатқан алдын алу шара­­ларының нәтижесі болып та­былады», дейді облыстық по­лиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

 

Жамбыл облысы