• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 11:00

2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2050 жылға қарай кемінде үш атом электр станциясын іске қосу жоспарланған. Бұл көрсеткіш еліміздің атом саласын дамытудың жаңа стратегиясында айқындалған. Мамандардың болжамынша, электр энергиясын тұтыну деңгейінің артуына байланысты болашақта төртінші станцияны салу жобасы да іске асырылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, стратегия аясында ірі станциялардан бөлек, еліміздің қолайлы өңірлерінде шағын модульдік реакторлар (ШМР) базасында АЭС салу нұсқалары да зерделенбек. Бұл ретте технологиялық мүмкіндіктер мен экономикалық тиімділік басты назарда болады. Сонымен қатар уақыт өте келе пайдалану мерзімі аяқталатын ескі көмір электр станцияларын заманауи атомдық қуаттармен алмастыру мүмкіндігі де қарастырылып отыр.

Еліміздегі екінші АЭС Алматы облысында салынады

Мұндай ауқымды жобалардың жүзеге асуы энергетикалық секторды әртараптандыруға жол ашады. Сала мамандарының пікірінше, атом энергетикасын дамыту елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, мемлекеттің осы саладағы тәуелсіздігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Президент: АЭС-тің аяқталғанын күтпей жаңа энергия көздерін іске қосу керек

Еске сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына «Балқаш» деген атау берілді.

 
Соңғы жаңалықтар