• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 06 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 20

4475 рет
көрсетілді

Дәрігерлік  әзіл-әжуа

Дәрі-дәрмек жасайтын мекеменің қызметкері әйеліне:

 – Сен білесің бе, біздің жұмыстағы ең қиын нәрсе не екенін?! – деді.

 – Е, жоқ-а?!

 – Ең, қиыны – бір түрлі ғана жасалған дәріге бірнеше ат ойлап табу...

                                   ***

 – «Диагноз» дегенді талдап-түсіндіріп бересің бе?

 – Ол деген, алдымен аурудан  «Қай жерің ауырушы еді?» деп сұрайды да , содан кейін дәрігерден «Қай жерім ауырады?» – деп сұрайтын медициналық процедура.

                                         ***

 – Білесің бе? Шотландияда аурухананы қайтіп жылытатынын?

 – Жоқ.

 – Дене қызуы өте жоғары аурулар бөлмеден бөлмеге кіріп жүріп жылытады екен.

                                       ***

 Тіс дәрігері  емделушіге:

 – Бір өтініш, қалай тісіңді шұқылай бастайын, үзіліссіз бар  күшіңмен бақырып-шақырып бөлмені басыңа көтерші...

 – Не үшін?!

 – Футболдың  басталуына жарты-ақ сағат қалды, көрмейсің бе, кезекте қаптап адамдардың тұрғанын...

                                        ***

 Аптекарь келушіге:

 – Кеше мен қателесіп, сізге аспериннің орнына  стихинин беріп жіберіппін.

 – Айырмасы қандай?

 – Стихинини 5 тиынға қымбат, айырмасын төлеңіз.

                                          ***

 Дәрігер:

 – Сіз күніне  қанша мөлшерде ішімдік ішесіз?

 – Төрт шиша сыра.

 – Мен сізге екі-ақ шишаға рұқсат етіп едім ғой?!

 – Сізге дейін теравепт қарап, ол кісі де  екеуге рұқсат еткен...