• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2013

Тамызда Қазақстанның үш өңірінде электр энергиясы арзандайды

349 рет
көрсетілді

Алдағы тамыз айында Қазақстанның үш өңірінде электр энергиясының құны арзандайды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

«1 тамыздан бастап Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстары мен Алматыда электр энергиясының құны арзандайды», - деді Алпысбаев.

Берілген ақпаратқа бойынша, Қызылорда облысында электр энергиясын жеткізу және үлестіру қызметіне 4,6%-ға төмендетілген уақытша өтемдік тариф енгізілді, яғни ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт үшін 4,38 теңгеден 4,17 теңгеге арзандатылды. Алматыда «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның 2012 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру барысына жасалған талдау негізінде электр энергиясын жеткізу және үлестіру қызметіне 0,4%-ға төмендетілген уақытша өтемдік тариф енгізілді, яғни ҚҚС қоса есептегенде 1 кВТ үшін 5,42-ден 5,39 теңгеге арзандады. Нәтижесінде негізсіз табыс көлемі 115,4 млн теңгені құрады. Шығыс Қазақстан облысында «Шығысэнерготрейд» ЖШС үшін электр энегриясының орташа құны ҚҚС қоса есептегенде 10,21 теңгеден 10,14 теңгеге немесе 0,7%-ға төмендеді.

Сұлтан Бозайғыр.