Облыс полицейлері өткізген «Қауіпсіз жол» шарасының алғашқы екі күнінде 3 244 жолда жүру ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде ішімдік ішіп көлік жүргізген 50 адам ұсталды.
Жыл соңына дейін жалғасатын «Қауіпсіз жол» арнайы шарасы облыстың автокөлік жолдарындағы көлік апатының алдын алу мен азаматтардың құқықтық жауапкершлігін арттыруға негізделген. Қатаң шара алғашқы күннен нәтижесін бере бастады.
Жалпы, облыста өткен 9 ай ішінде 1700 көлік апаты тіркеліп, салдарынан 374 адам қайтыс болды.
Алматы облысы