• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2013

Ұлттық экономиканы макроэкономикалық талдау және параметрлік реттеу

804 рет
көрсетілді

Баршамызға мәлім, ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекетке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, жүз мыңдаған адам жұмыссыз қалуда, көптеген өндіріс орындары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ.

Баршамызға мәлім, ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекетке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, жүз мыңдаған адам жұмыссыз қалуда, көптеген өндіріс орындары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ.

Баршамызға мәлім, ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекетке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, жүз мыңдаған адам жұмыссыз қалуда, көптеген өндіріс орындары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ.

Баршамызға мәлім, ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекетке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, жүз мыңдаған адам жұмыссыз қалуда, көптеген өндіріс орындары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ.

Де­ген­мен, оның ауыртпалықтарына Ел­басы Н.Назарбаевтың сындарлы сая­саты аясындағы елдегі саяси тұ­рақ­тылық пен жалпы іскерлікке негіз­делген экономикалық жүйе төтеп берді. Әйтсе де, дағдарыс іскерлік жә­не тұтынушылық көздердің бел­сен­ділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар, қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды.

Әлемдік нарықта қолданыстағы өнім­дердің бағасының лезде қым­бат­тауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Экономикалық дағдарыс әсерлерінен зардап шекпес үшін ел экономикасын тұрақтандырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде ғылымға және жалпы жүйелік сараптауға не­гіз­делген жаңа көзқарастар қажет болды. Экономиканың осал жерлерін көре біліп, жаңа шаралар қолдануды қажет етті. Міне, осы мақсатта эко­номикалық дағдарысқа төтеп беретін арнайы ғылыми-танымдық жобалар, ғылыми ізденістер, ғылыми жаңа­лықтар ел экономикасының оңды дамуына үлкен септігін тигізері анық.

Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі дамуына, экономикалық өр­леуі­не өзіндік үлесін қосып келе жат­қан елжанды азаматтар, ғалым қайраткерлер баршылық. Солардың бірі де бірегейі – аса көрнекті ға­лым, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, про­фес­сор Әбдіғаппар Әшімов. Ғылы­ми дарындылық, басқару-ұйым­дастырушылық, іскерлік пен парасаттылық секілді қабілеттер мен қасиеттер бір бойында тоғысқан Әбдіғаппар Әшімұлы 1989-1991 жылдары Ғылым академиясының математика және механика институты директорының орынбасары, 1991-1994 жылдары ҚР ҰҒА Информатика және басқару проб­лемалары институтының директоры қызметтерін атқару кезінде де ғылымның, оның ішінде экономика саласының өркендеуіне барынша күш салды. Ғылым мен өндірісті ұштастыруға көп көңіл бөле отырып Жоғары аттестациялау комиссиясының төрағасы ретінде ғылыми еңбектердің шынайы болуына қатаң талап қойды.

Академик Ә.Әшімовтің ғылыми жаңашылдық мүмкіндігі, жоғары парасат-пайымы және басқару ісі мен ғылыми ұйымдастыру жұмыс­тар­ын­дағы мол тәжірибесі кибернетика, автоматика, информатика, жүйелік талдау мен басқару ғылымдары бой­ынша жаңа ізденістері саралау, сараптау жұмысына зор көмегін тигіз­ді. Осы жылдары ғылымның осы са­лалары бойынша жаңа зерттеулер мен тың еңбектер дүниеге келгені де, жаңа талпыныстарға жол ашылғаны да ақиқат еді.

Әбдіғаппар Әшімұлының есімін атағанда ең қиын және аса қажетті мамандықтарға қатысты «кибернетика», «автоматика», «информатика», «оңтайлы басқару», «жүйелік тал­дау» атаулары мен ұғым-түсі­нік­тері қатар жүреді. Өйткені, ол – ав­то­маттық басқару жүйесінің теориясы, техникалық кибернетика теориясы және жүйелерді моделдеу теориясының отандық мектебінің негізін қалаушы, сонымен қатар, метал­лур­гиялық үдерістерді болжау және тиімдендіру түйіндерін математи­ка­лық модельдеу әдіс терін қолдана отырып шешуді Қазақстанда ғылыми жолға қойған алғашқы және бірегей маман.

Академик Ә.Әшімовтің ғылыми жұмысының құндылығы – теориялық қорытындылардың өндірісте қол­дануы мен өз нәтижесін беруінде. Теория мен практиканы ұтымды үйлестірудің шебері атанған ғалым ғылыми ізденістерден туған ойларын, қорытындыларын, айқындамалары мен анықтамаларын үнемі жүйелеп, жариялап халық игілігіне ұсынып отырды. Ғалымның негізгі ғылым еңбектері бірегейлендірудің тео­рия­лық негіздері, автоматтық бас­қа­ру теориясы, жүйелік талдау, ұйым­дастыру жүйелерін басқару, өнді­рістік үрдістерді жобалау мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын автоматтандыру, тағы басқа да мәсе­лелерді зерттеуге арналған. Оның 400-ге жуық ғылыми жұмысы мен 12 монографиясы еселі еңбегінің ең жоғары көрсеткіші болып саналады. Академик Ә.Әшімовтің ғылыми ізденістерінің нәтижелері сан рет халықаралық деңгейдегі ғылыми жиындарда әлем назарына ұсынылған. АҚШ, Болгария, Франция, Италия, Германия, Жапонияда әр жылдары өткен форумдар мен симпозиумдарда, конгрестер мен конференцияларда басқару және автоматтандыру саласы бойынша Қазақстан атынан озық ойларын ортаға салып, ел мәртебесін көтергеніне әлем ғалымдары талай мәрте куә болған.

Академик Ә.Әшімовтің ғылыми еңбектерінің құндылығы елге мәлім, оның бір дәлелі – ғалымның дәстүрлі VI Астана экономикалық форумы аясында «Параметрлік реттеудегі макроэкономикалық талдау және мемлекеттік саяси-экономикалық одақ шеңберінде» тақырыбында болып өткен панельдік сессияның модераторы болуы. Бұл да ғалымның экономика саласындағы сіңірген еңбегінің ерекшелігін айқындайды. Атап айтсақ, ғалымның макроэкономика саласындағы негізгі зерттеулері келесі тақырыптарға бағытталған: ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау; жұ­мыссыздық және жұмыспен қам­ту­дың мәселелері; инфляцияға қарсы саясат; экономикалық өсу түсі­ні­гі мен факторларын зерттеу; экономи­калық дамудың циклдары; ұлттық экономика мен сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу.

Ә.Әшімовтің ғылыми ізденісінің нәтижесінде туындаған және елі­міз­дің экономика саласындағы жетек­ші ғалымдармен (Ю.Боровский, Б.Сұлтанов, Ж.Әділов, Д.Но­виков, Р.Алшанов, Ә.Әшімов) бірі­гіп әзірленген «Ұлттық экономи­каны макроэкономикалық талдау және параметрлік реттеу» еңбегі еліміздің экономикалық дамуына жаңа бағыт сілтейтін құнды ғылыми еңбек болып табылады. Монографияның әлемге белгілі Springer баспасында жарық көруінің өзі ғылыми еңбектің теориялық және практикалық құндылығының тереңділігін көрсетеді.

Монографияға ұлттық эконо­ми­каның эволюциясы мен стати­калық тепе-теңдігін реттеу теориясын құру және дамыту мәселе­лері арқау болған. Теорияның тиім­ді­лігі макроэкономикалық нарық­тағы статикалық тепе-теңдік­ті, ашық экономиканы және эко­но­ми­калық өсуді сипаттайтын мате­ма­тикалық модельдердің негізін­де көрсетілді. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың ма­тема­ти­калық модельдері негізін­де ұлттық экономиканың макро­эко­номи­калық талдауы жүргізілді. Мак­ро­экономикалық талдау жүргізудің қажеттілігі 2007-2009 жылдардағы әлемдік дағдарыс кезінде айқын байқалды. Ұлттық экономиканы сараптау мен мемлекеттік реттеу­де математикалық модельдердің қолданысы өз тиімділігін көрсете білді. Ғылыми еңбекте экономиканы параметрлік идентификациялаудың жаңа әдістері, детерминирленген математикалық модельдері мен жалпы тепе-теңдіктің есептеулі мо­дель­дерінің орнықтылығын баға­лау әдістері қарастырылған. Соны­мен бірге, параметрлік реттеу тео­рия­сының жаңа қолдану нәтижелері келтірілген.

Сонымен, төрт бөлімнен тұ­ра­тын ғылыми еңбектің материалдары экономиканы тұрақтандыру шешімдерінің нұсқалары мен ұсы­ныстарын, ациклдік эко­но­ми­калық саясат және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты таңдау мүмкіндіктерін береді. Осындай қомақты ғылыми еңбекті тарау-тарау бойынша келтіруді жөн көрдім.

Бірінші бөлімде параметрлік реттеу теориясының элементтері, ел экономикалық жүйесінің ма­те­ма­тикалық модельдерінің құрылымдық орнықтылығын зерттеу әдістері, дис­кретті және динамикалық жүйелер үшін параметрлік реттеу заңдарын таңдауда экономикалық өсу бағытына сәйкес нақтылы мақсат функционал­дары таңдалған вариациялық есептеу есептерінің қойылуы қарас­ты­ры­лып, әртүрлі шектемелер шар­тын­да өз шешімін тапқан. Бифурка­ция­лық нүктелер табу шарттары анықталып, тиісті зерттеулер жүр­гі­зілген. Осы мақсаттарға сәйкес тео­ремалар дәлелденген . Ұсынылған параметрлік реттеу теориясының нәтижелері түрлі экономикалық жүйелерде қолданыс тапқан.

Екінші бөлімде Қазақстан Рес­пуб­ликасының ұлттық экономикасының статистикалық деректері негізінде ұлт шаруашылықтарын сипаттайтын функциялардың эконометрикалық бағалары келтірілген. Эконо­мет­рикалық функциялар негізінде есептелген Кейнс жалпы экономикалық тепе-теңдігінің IS, LM, IS-LM мо­дель­дері және кіші елдің ашық эконо­микалық моделі көрініс тапқан. Ұлттық экономиканың тепе-тең­дігін сипаттайтын математикалық ше­шімдеріне әсер ететін экономикалық көрсеткіштер есепке алынып, әр­түр­лі экономика-математикалық ше­шімдер сценарийлері талқыланған.

Үшінші бөлім конъюнктуралық циклдердің теориясын дамытуға арналған. Кондратьев және Гудвин циклдерінің математикалық модель­дерінің құрылымдық орнықтылығы зерттеліп, нәтижелері келтірілген. Сонымен қатар, осы модельдер не­гі­зінде макроэкономиканы па­ра­метр­лік реттеу есептерін қарастырып, шешімдері келтірілген.

Төртінші бөлім жалпы тепе-тең­діктің есептелетін модельдері не­гі­зінде экономикалық өсу­дің пара­метрлік реттеу нәтиже­лерін си­паттауға арналған. Макроэконо­ми­ка­лық модельдің үлкен өлшем­дерін ескеретін параметрлік иден­ти­фикациялаудың көп айнымалы функцияларының глобальды экстремумын табуға мүмкіндік беретін алгоритмдері келтірілген. Сонымен қатар, орта және ұзақ уақытқа ар­налған экономикалық тепе-тең­діктің есептелетін модельдері негі­зінде ұлттық экономиканың және экономикалық агенттердің көрсеткіштерін макроэкономикалық талдау нәтижелері сыртқы айны­­ма­­лы­­лардың икемділігі, экономи­калық өсу шарттары аясында қарас­тырылған. Экономикалық өсудің параметрлік реттеу есептерінің түрлі экономика шарт­тарында ше­шімдері келтірілген.

Әрине, осындай құнды ғылыми ең­бек академик Ә.Әшімов пен оның ізбасарларының талай жылғы ғы­лыми зерттеулерінің нәтижесі ретінде туындады. Авторлар мак­ро­экономикалық жүйені реттеудің параметрлік теориясы нәтижесі бойынша 120-дан астам ғылыми жұмыс, 5 монография (2 монография беделді Springer баспасында, 3- Физматлитте) жариялады. Зерттеу нәтижелері 31 халықаралық ғылыми форумдарда және арнайы ұйымдастырылған Астана экономикалық форумының V және VI сессияларында жұмыс материалдары бойынша 8 баяндама жасалып талқыланды. Ғалымның ғылыми зерттеулері 2011 жылы Нанкин (ҚХР) қаласында XV Халықаралық конгресте жүйе және кибернетика бойынша ұсынылған баяндамалар ішінен ғылыми мәнді нәтижелер алғандығы расталып, үздік деп танылып, Kybernetes журналының сыйақысы тағайындалып және екі пікірмен «Автоматика және телемеханика» журналында жарияланды. Бүкіләлемдік жүйелер мен кибернетика ұйымының ХV Халықаралық конгресінде Ә.Әшімовтің телавторлармен бірге жасаған «Нарықтық экономиканың механизмдерін параметрлік реттеу теориясының негізінде тиімді мемлекеттік сая­сатты іске асыру және өндіру әдіс­терін дамыту» ғылыми баяндамасы «Аса үздік мақала» деген жоғары марапатқа ие болды.

Әбдіғаппар Әшімұлының же­­­тек­­ші­лі­гімен дайындалған (Ю.Бо­ров­ский, Б.Сұлтанов, Ж.Әді­лов, Д.Новиков, Р.Алшанов, Ә.Әші­мов) «Ұлттық экономиканы макро­эко­но­микалық талдау және параметрлік реттеу» ғылыми еңбекті Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласы бойынша берілетін Мемлекеттік сыйлыққа лайықты үлкен нәтижелі еңбек дер едім.

Қазіргі таңда тынымсыз ең­бек етіп келе жатқан әлемдік ау­қым­дағы қайраткер ғалымның осын­­шама жетістіктерінің сыры, менің­ше, оның арының тазалығы мен өз кәсібіне деген адалдығында, елі­не, жеріне деген перзенттік сүйіс­пен­шілігінде деп білемін. Осы қасиет­тер бойына ерте дарыған академик Әбдіғаппар Әшімұлы Әшімов әлі талай асуларды бағындырары сөзсіз.

Мақсат ҚАЛИМОЛДАЕВ,                                                                                          

ҚР БжҒМ ҒК Информатика және басқару проблемалары институтының бас директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.