Жапонияның Нагано қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының төртінші кезеңі өтіп жатыр. Командалық спринтте қазақстандықтар 9-орынды иеленді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Роман Креч, Станислав Палкин, Артур Галиев және Артем Крикунов төрттігі 14 команда арасынан 9-сатыға тұрақтады. Төртінші кезеңде Ресей құрамасы топ жарса, Жапония мен Канада күміс пен қоланы еншіледі. Ал әлем кубогының төрт кезеңі қорытындысы бойынша, Қазақстан үшінші орын иеленді. Біздің құрама еншісінде 290 ұпай бар.
Осылайша, Дмитрий Бабенко баптайтын Қазақстан құрамасы жекелеген қашықтықтар бойынша әлем чемпионатына жолдама алды. Жалпы командалық есепте Нидерланд құрамасы 440 ұпаймен көш бастады. Екінші орында 316 ұпайы бар Швейцария құрамасы тұр.