• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Желтоқсан, 2019

«Тәуелсіздік таңы» басындағы еске алу

642 рет
көрсетілді

17 желтоқсан күні таңғы 10.00-де «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою шарасы өтті.

«Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, жастар ұйымының өкілдері, желтоқсан оқиғасына қатысқандардың туыстары да ат салысып, құрбан болған жандарды бір минут үнсіз еске алды. Желтоқсан күні өршіл рухты желтоқсан қаһармандарын еске алу да оңай емес. Сол сұсы бөлек сұрапыл  жылдың ызғарлы күндері еске түседі. Қазақ елі өмір бойы армандаған Тәуелсіздігін алып Желтоқсан көтерілісіне қатысу арқылы Ұлт азаттығы жолында бас бостандығын қиып, жастық шағының жарқ ете жалындаған тұстарын темір тордың арғы жағында өткізіп келген журналист  Құттыбек Аймаханның «Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады» атты кітабын оқығаннан кейін ойға өзім де қатысқан сол бір желтоқсанның ызғарлы  үш күні жиі есіме түсетін болып жүр. Соған орай бүкіл әлемді дүр сілкіндірген сол көтеріліс қақында жазылған кітап туралы өз ойымды білдіре кеткенді жөн санадым -дейді ақын, сазгер, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Аманғазы Кәріпжан досы,- Тарихты насихаттаудан мен бағалауға қосылған шараның ауқымдысы да – тарих куәгерінің дәл осындай естелігі, кітабы емес пе?! Мұнда рәміздерден бастап, ширек ғасырдағы ғалам алдындағы барлық жетістіктеріміз де зор тебіреніспен баяндалады». Мұзға жанғау алау өмірлер рухы жалын шарпыған жалын өмірмен қайралып бүгінгі күнге жетті. «Тәуелсіздік таңы» болып бүгін арамызда жүр.

 Ақын досы айтады:

                       ...Жас арудың жанарында – Желтоқсан!

                          Қанды ғасыр табанында Желтоқсан! – деп жырға қосады...