• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында бөлшек сауда айналымы 3,2 процентке өсті

212 рет
көрсетілді

Алматы облысында өткен 10 ай көлемінде бөлшек саудадағы тауар айналымы 3,2 процентке өсіп, ақшаға шаққанда 488 825 млн теңгені құрады.

Негізі өсімді жеке секторда жұмыс істейтін нысандар беріп отыр. Тауар айналымының барлық түрі бойынша 100 проценттік көрсеткіш жекеменшіктің қолында екен. Яғни, есепті мерзімде жеке кәсіпкерлер  262721,4 млн теңгенің тауарын саудалаған. Бұл арғы жылмен салыстырғанда 9,5 процентке артық.

Ал тауар айналымы негізінен облыстың Алматы қаласы маңындағы аудандары мен Талдықорған қаласында табысты жүріп отыр. Атап айтқанда, Қарасай ауданында 28,3 процент, Талғар ауданында 12,1 процент, Іле ауданында 11,7 процент және облыс орталығында 13,4 процент шамасында екен.