• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 18 Желтоқсан, 2019

Алматы облысы бюджетінің 60 проценті әлеуметтік салаға жұмсалады

112 рет
көрсетілді

Алматы облысының мәслихат депуттары аймақтың үш жылдық бюджетін қарап, бекітті. Қаражат қоржынының шығыс бөлігі 1,8 триллион теңге шамасында.

Қаржының көп бөлігі облыстағы әлеуметтік мәселені шешуге, тұрғын үй құрылысын жүргізуге және елдімекендерді табиғи отынмен қамтуға бағытталып отыр.

Мәселен, 2020 жылға жоспарланған бюджет көлемі 579 млрд теңге болса, оның 23 проценті әлеуметтік салаға,  18, 6 проценті тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымға негізделуде. Ал ауыз сумен қамтуға жалпы қаржының 4,1 проценті, газдандыруға 2,7 проценті бөлінеді екен. Яғни, алдағы 3 жыл бойына жұмсалатын мемлекет қаржысының 60 проценті облыстың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсалмақшы.