«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры лауазымына Биджу Наир тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұған дейін ол Босния мен Герцеговинада орналасқан «АрселорМиттал Zenica» компаниясын басқарды.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ArcelorMIttal компаниясының құрамына кіреді және Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия секторының ірі кәсіпорындарының бірегейі. Кәсіпорын өзінің көмірі, темір рудасы және энергетикалық базасы бар интеграцияланған тау-кен металлургиялық кешен. Компания құрамына Теміртау металлургиялық комбинаты, Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір өндіретін 4 кен орны енеді.
Биджу Наир Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметке кіріседі.