• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Желтоқсан, 2019

Қарағанды облысында жаңа көпір пайдалануға берілді

355 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Нұра ауданында Құланөтпес өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді.

Бұрынғы көпір 2015 жылы су тасқыны кезінде істен шыққан болатын.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне «Нұра ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ЖИ бөлімі» ММ басшысы Ораз Әубәкіров, «Сапа Жол Құрылыс» ЖШС және «Отқанжар» ЖШС мердігер фирмалардың өкілдері, сондай-ақ Изенді, Жараспай және Кенжарық ауылдарының тұрғындары қатысты. Жаңа көпір аталған елді мекендерді  аудан және облыс орталықтарымен байланыстырады.

Сондай-ақ келесі жылы Изенді ауылынан жаңа көпірге дейінгі аралықта жол салынбақшы.