2013 жылғы 8 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2223 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2223 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №3, 22-құжат):1-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;2) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №44, 401-құжат):көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне:реттік нөмірлері 24, 25, 26-жолдар алынып тасталсын.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.