• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №425

285 рет
көрсетілді

2013 жылғы 30 сәуір,   Астана, Үкімет Үйі

«Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі №645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:«2-1. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:1) агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін, оның ішінде перспективалы агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу (шеттен алып пайдалану) жолымен енгізу, инновациялық жобаларды қаржыландыруға қатысу, инновациялық инфрақұрылымды дамы­туға, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылым, инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтас­тықты дамытуға жәрдемдесу;3) білімдерді, оның ішінде ғылыми-практикалық семинарлар өткізу жолымен тарату және беру, консультациялық қызметтер көрсету;4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары репродукциялы тұқымдарын, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды өнімін өндіру және тарату.»;3, 4 және 5-тармактаршьшадай редакцияда жазылсын:«3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырады.4. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысымен бекітілген Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарына, Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады және аграрлық саладағы Қазақстан экономика­сының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.5. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы осы Ереженің 2-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын «ҚазАгроИнновация» АҚ қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдарының және лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С.АХМЕТОВ.