• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2013

Хакерлер Перу президентінің сайтын бұзып кірді

228 рет
көрсетілді

Әлемге танымал «Анонимус» атты хакерлер тобы Перу мемлекетінің президенті Ольянта Умаланың жеке сайты мен бірнеше үкіметтік сайттарға бұзып кірген. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жексенбі күнгі берген мәліметіне сүйене отырып, ИТАР-ТАСС хабарлады.

Сарапшылардың пікірлерінше, аталмыш хакерлер тобы президент сайтына шабуылды Перу мемлекетінің тәуелсіздігі тойланатын 28 шілдедге орайласытра жасаған. Олар мемлекет басшысының сайтын бұзып кіріп, оның бетінде халыққа хабарлама жазып кеткен. «Біздің қоғамда үкімет пен парақор баспасөздің көмегімен бостандығымызға нұқсан келтіріп жүрген жау бар. Бұл жау – көргенсіздік», – деп жазылды хабарламада.

Қазіргі уақытта Ольянта Умаланың сайты жабық тұр.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар