Ақмолалық таэквондошылар Алматы қаласында өткен республикалық ашық турнирден жүлдемен оралды. Байрақты бәсекеде балалар мен жасөспірім спортшылар бір алтын, екі күміс және үш қола медаль еншіледі.
Республикалық ашық турнирде әсіресе ақмолалық нәзік жанды таэквондошылар үздік нәтиже көрсеткен. Жасөспірімдер арасында сынға түскен Кәмила Қайыргелді қарсыластарын ойсырата ұтып, алтын медаль тақты.
– Таэквондоға 6 жылдан бері қатысып жүрмін. Әр жарысқа жаттықтырушымыз жақсылап дайындап апарады, – дейді турнир жеңімпазы Кәмила Қайыргелді.
Жарыс қорытындысы бойынша 46 келі салмақ дәрежежесінде Нұрсана Бекболатова қола медаль иегері атанса, 50 келі салмақта Анастасия Склярова ширек финалға өтіп, жүлделі үшінші орыннан көрінді.
– Мен бір жыл, екі ай жаттығып жүрмін. Алматы қаласындағы турнирде бірінші, екінші сайыста жеңіске жеттім, – дейді күміс жүлдегер Нұрсана Бекболатова.
Балалар мен жасөспірімдерді білікті бапкер Ермат Орманов жаттықтырады. Алматы қаласында өткен республикалық ашық турнирге облыстан 17 спортшы қатысып, олардың бесеуі жүлдемен оралды. Сөйтіп, жерлес таэквондошылар қоржынға 1 алтын, екі күміс, үш қола медаль салды.