• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2019

Қарағандыда облыс әкімінің шырша мерекесі өтті

315 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы әкімінің жаңажылдық шырша мерекесі биыл «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» деген атаумен өтті. Дәстүрлі мерекелік шараға балалар үйінің 180 тәрбиеленушісі, үздік оқушылар, зияткерлік және спорттық олимпиадалардың жеңімпаздары, көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі балақайлар қатысты.

Жүздері бал-бұл жанған балаларды құттықтаған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек біздің елімізде жас буынның алаңсыз өсуіне барлық жағдайдың жасалып жатқанын атап өтті.

–  Сіздердің жақсы білім алып, көптеген байқауларға қатысып, жеңіске жетулеріңізге, биіктерден көрінулеріңізге тілектеспін. Келесі жылы сіздердің барлық тілектеріңіз орындалатындай табыстар мен жеңістер болсын. Келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймыз! – деді ол.

Шырша мерекесінде балаларға планшеттер, тәттілер жиынтығы және 60 мың теңге сомасындағы сертификаттардан құралған жаңажылдық сыйлықтар табыс етілді.

Облыс әкімі атынан ұйымдастырылған мерекелік шара соңында балалар салтанатты түскі ас дастарқанынан дәм татты.