• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Желтоқсан, 2019

Маңғыстауда 300-ге жуық балаға арналған қайырымдылық шырша мерекесі ұйымдастырылды

451 рет
көрсетілді

Ақтауда «Достық үйі» базасында Жаңа жыл мерекесіне орай, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасылар мен ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға арналған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық шыршасы өтті. Бұл туралы аталмыш мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайырымдылық шырша жыл сайын түрлі қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырушы, 2017 жылы облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырылатын «Жомарт жүрек»  сыйлығын салтанатты табыстау рәсімінде қайырымдылық іс-шаралар қорытындысы бойынша «Жыл тұлғасы» номинациясының  иегері атанған, «Ана мен бала» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Д.Шакенованың демеушілігімен ұйымдастырылған.

Балалар Аяз ата мен Ақшақар және тағы да басқа ертегі кейіпкерлерін ата-аналарымен, мұғалімдерімен келіп тамашалады. Облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев шыршаға қатысушы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бүлдіршіндерге әдемі кеш, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін жеке кәсіпкер Шакенова Дәметкенге алғысын білдірді.

Мерекелік кешке әртүрлі кейіпкерлердің киімдерін киіп келген балалар ортаға шығып өз өнерлерін көрсетіп, шыршаны айнала ән айтып, би биледі. Балалар үшін түрлі ойындар ұйымдастырылды.

Мереке соңында әр балаға Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері де балаларды Жаңа жыл мерекесмен құттықтап, игі лебіздерін білдірді. Ата–аналар да ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ұстаздар Шакенова Дәметкен ханымға мектеп басшысының атынан арнайы Алғыс хаттарын табыстады.

-Бүгін мен үшін - ерекше күн. Балалардың күлкісі – әлемнің сәні. Барлық ата-аналарға, ұстаздарға уақыттарын бөліп келгендері үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Және де осындай шараны өткізуге қолдау көрсеткені үшін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына, «Қоғамдық келісім» КММ» ұжымына рахметімді айтамын, деді «Ана мен бала» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Д. Шакенова.