• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Желтоқсан, 2019

Латын әліпбиі – түркілік тұтастықтың тұғыры

214 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшу уақыт талабы екенін айтқан болатын. Шынында да бұл бастаманың ұлттың рухани өмірінде де елеулі құбылыс болғаны рас. Бұл орайда білікті ғалымдар бастаманың жүзеге асуына өзіндік үлесін де қосып келеді. Латын әліпбиінің маңыздылығына арнап Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Латын графикасы: түркілік тұтастық және жаһандық ақпараттық кеңістік» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік ға­лымдар қатысты. Атап айт­­қанда, Әзербайжан Рес­пуб­ликасы Баку мем­ле­кеттік университетінің про­­фессоры, филология ғы­лымдарының докторы Ф.Агаева, Өзбекстан мем­ле­кеттік университеті жә­не Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, фило­логия ғылымдарының кандидаты А.Пирниязова, Түр­кия мемлекеті Хасеттепе университетінің профессоры, PhD докторы Халил Четин, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­верситеті «Абайтану» ғылы­ми-зерттеу орталығының ди­рек­торы, филология ғы­лым­дарының кандидаты, доцент А.Қалшабеков, М.Х.Ду­лати атындағы Тараз мем­лекеттік университетінің про­фессоры, филология ғы­­­лымдарының докторы М.Көп­баева баяндама жасап, ла­тын графикасына негіз­дел­­ген әліпби мен емле ере­желердің лингвистикалық аспектілері, түркі руханияты мен жаңа қазақ әліпбиіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Латын әліпбиінің түркі дүниетанымында алатын орнына тоқталып, бұл бастаманың қазақ ұлтының саяси-рухани өмірінде де маңызды екенін жеткізді.