Атырау облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қазбек Иманғалидың қызметінен кетуге өтініш бергені туралы жергілікті басылымдар жазып жатыр. Мұны облыс әкімдігіндегі дерек көзі жоққа шығармады.
Қазбек Иманғалидың аталған басқарманы басқаруға келгеніне әлі бір жыл толған жоқ. Дегенмен, жаңа басшы 25 шілдеде өз өтінішін денсаулығына байланысты бергені белгілі болып отыр. Алайда, әзірге облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің оның өтінішіне қол қойғаны, не қоймағаны жөнінде ресми дерек жариялана қоймады.
Жолдасбек Шөпеғұл,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.