Чехияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Германиямен өткен ойында отандастарымыз 4:1 есебімен басым түсті.
Ойынды қазақстандықтар сәтті бастады. Матчтың 5-минутында Станислав Александров мергендігімен көзге түскен. Әйтсе де, бірінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Екінші таймда Олег Бойко есепті 2:0-ге жеткізді.
Үшінші кезеңде жастар құрамасы Германия қақпасына тағы екі шайба соқты. С.Александров 42-минутта дубль жасаса, 57-минутта Денис Чапоров қарсылас қақпашысынан айласын асырды. Алайда, ойын соңында Луис Шинко таблодағы есепті қысқарта алды. Осылайша, жастар құрамасы алғашқы жеңісін тойлады.
Айта кету керек, бұл – Қазақстан мен Германия жастар құрамаларының жұбаныш кездесуі аясында өткізіп отырған екінші матч. Бірінші ойында немістер 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ережеге сәйкес, жеңілген команда жастардың элиталық дивизионымен қоштасады. Ал екі рет жеңіске жеткен команда өз орнын сақтап қалады.