• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2020

Алматы облысында тағы бір мектеп оқушысы жәбірленді

2230 рет
көрсетілді

Алматы облысы, Алакөл ауданында 15 жастағы қыз баланың зорланғаны анықталды. Осы ауданға қарасты Лепсі ауылындағы орта мектептің 8 класс оқушысын өгей әкесі бірнеше ай бойы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

Қыз баланың бойындағы өзгерісті байқаған мектеп мұғалімдері оқушы жайында психолог пен жасөспірімдер жөніндегі уәкілге хабарлаған екен. Жеке әңгімелесу кезінде 8 класс оқушысы өзін өгей әкесінің жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін айтқан. Дәрігердің тексеруінен кейін қыздың жүкті екені анықталған.

Оқиға бойынша Алакөл ауданының полициясы қылмыстық іс қозғап, күдіктіні тергеуге алған екен. Тергеуден кейін өгей әкені ешқайда кетпеу туралы қолхат алып, үйіне жіберіпті. Істің насырға шапқанын түсінген зорлықшыл азамат сол күні өзіне қол салып, асылып өлген.

Қазір зорланған қыз анасымен бірге Талдықорған қаласына жеткізіліпті. Дәрігерлер мен психолог мамандар жәбірленушіні қамқорлыққа алып, қажетті көмектің барлығы жасалып отырған көрінеді.