• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2020

Алматы облысында көпқабатты үйде жарылыс болды

233 рет
көрсетілді

Қарасай ауданының төтенше жағдай қызметі Қаскелең қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшірді. Бүгін түскі мезгілде тұрғын үйдегі газ құбыры жарылып, 4 пәтерге зақым келген. 

Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті. 2009 жылғы бала көз жұмған, ал қалған зардап шеккен тұрғындар дәрігерлер бақылауында.

Қазір қауіп сейілді. Жарылған құбыр жүйесі жөнделіп жатыр. Тұрғындар үйлеріне оралды. Ал жарылыстан зардап шеккен 4 пәтердің тұрғындары қонақ үйге орнастырылды.

- Иіс тиген балалар мен ересектердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Облыс әкімдігі тарапынан апат себептері анықталып, зардап шеккендерлің шығыны өтеледі, - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.