• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2020

Алматы облысында заңсыз тұрғын үй құрылысы азаймай отыр

481 рет
көрсетілді

Алматы қаласының маңындағы аудандардың аумағында жеке тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатқаны белгілі. Бұл үрдіс жер телімдерінің сатуға деген сұранысты арттырып, жобаланбаған құрылыс нысандарының көбеюіне де жол ашып отыр.

Мысалға, 2018 жылы Алматы облысының мамандандырылыған ауданаралық экономикалық соты рұхсатсыз салынған тұрғын үй құрылысын заңдастыруға қатысты жалпы саны 47 іс қарап, 11 іс бойынша оң шешімін шығарыпты. Қалған 35 өтінішке орай заң талаптарының орындалмағаны анықталып, іс кері қайтырылған. Өндіріске жіберілген 1 іс тоқталып, заңсыздықтың жолы кесілген.

Ал өткен жылдың  11 айы аралығында сот төрешілеріне рұқсатсыз салынған тұрғын үй құрылысын заңдастыруға қатысты 33 өтініш түскен. Зерделеуден өткеннен кейін 3 өтініш қанағаттандырылып, 30 іс бойынша тіркелген құрылысты заңдастыру болмайды деген шешім шығарылды.