• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Қаңтар, 2020

Алматы облысында жиналған МӘМС жарнасы 11,2 млрд теңгеге жетті

299 рет
көрсетілді

Алматы облысында тұрақты тіркеуде тұрған 2 048 680 адамның 85 проценті, яғни 1 738 679 тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы есебіне кіреді.

Бұл тізімге енген 1 183 425 адам міндетті төлемнен босатылған әлеуметтік санатқа жатса, 474 514 адам жалдамалы жұмысшылар қатарына кіреді. Ал МӘМС бағдарламасына қатысушылардың тағы бір қалың шоғырын жеке кәсіпкерлер мен келісім шарт негізінде жұмыс істейтін тұлғалар құрайды екен. Олардың саны 50 088 адам. Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлем жүйесі бойынша жарна аударғандар саны да 30 652 адам шамасында.

Жыл басындағы есеп бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне түскен төлемнің жалпы көлемі 11,2 млрд теңгені құрады. Ал облыс көлемінде МӘМС бағдарламасына қосылмағандар саны 26 650 адам шамасында екен.