«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының «Кең жүрек» белгісімен аталып өтті
Ерлік жасау үшін соғыс керек емес. Адамдарды жақсы көріп, өмірді сүйе білген жан ерлік қимыл да жасай алады. Мұны күнделікті тірлік көрсетіп жүр. Ондай адамның жүрегінен барлығына орын табылады. Гүлжауһар мен Нұрлан Төлегеновтер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бірнеше ұлттың балаларын асырап отыр. Жақында олардың отбасы тағы да жеті жасар Женямен толықты. Жас отбасы болашақта отбасылық балалар үйін ашқысы келеді. Олар тастанды балалар адамдар тарапынан тас жүректікті, мейірімсіздікті емес, құстың ұясындай отбасының жылуын сезініп өссе екен дейді және оны өздері жүзеге асырғысы келеді. Қазір бұл отбасында барлығы он бала өсіп келеді. Міне, ерлі-зайыпты жастардың бұл қадамын ерлік деуге болмай ма? Әбден болады.

Ерлік қадам жас талғамайды. Таран ауданында тұратын Жаукеновтер үйінде түн ортасында өрт шықты. Ата-анасы, бауырлары қалың ұйқыға кеткен. Алтыншы сыныпта оқитын Нариман өзінің сабағын дайындап, ұялы телефонына алданып отырған. Үйден күйіктің, түтіннің иісі шықты. Ол ас бөлменің есігін ашып қалғанда іштен лаулаған жалын баланы шалқасынан құлата жаздады. Ол дереу анасына жүгірді. Ұйқылы-ояу сасып қалған анасы ас бөлменің есігін қайта жапқанда, далаға шығар есіктен өте алмай, тұрып қалды. Осы кезде Нариман төр бөлменің терезесін сындырып, үш айлық қарындасын көрпеге орай сала, терезеден сыртқа тез алып шықты. Нәресте түтін иісінен, оттан аман қалды. Мұны Нариман ерлік жасадым деп ойламайды. Ол қарындасының, анасының оттан аман қалғанына қуанады.
«Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалы мейірімділік пен қайырымдылық көрсеткен, өзгенің өмірін сақтап қалу үшін тәуекел қимыл жасаған жандардың ерлік ісін өзгеге өнеге етіп көрсету мақсатында «Кең жүрек» белгісін тағайындаған болатын. Биыл ол үшінші рет лайықты иелеріне тапсырылды. Тек Жаукеновтер отбасы мен Нариман ғана емес, бұл белгіні алғандардың ешқайсысы да өз ісін ерлікке жатқызбайды, әркім солай істер еді деп біледі. Бірақ оны ерлік емес деп ешкім де айта алмайды.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында Аманқарағай стансасында тұратын төрт бозбала орманға серуендеуге шығады. Егер боран соғып тұрса жиырмадан енді асқан жігіттер мұндай қадамға бармас та еді, бәлкім. Сол күні далада қар қалың болғанымен, күн жарқырап шығып, дала май тоңғысыз болып тұрды. Шаңғышылар мезгілді байқамай орманда ұзақ жүріп қалды. Олар үйге бет алғанда қыстың қысқа күні еңкейіп қалған, ауа райы бұзылып, бұрқасындата бастады. Вячеслав Никулин деген жігіт кенет есінен танып, құлап қалды. Шаңғышылар оны сүйеп, сүйрегенмен ештеңе өнбеді. Вячеславтың қасында бір жігіт қалды да, қалған екеуі тез ауылға асықты. Олар түн ортасында Әулиекөлде тұратын аңшы Вячеслав Храмовтың терезесін қақты. Ол екі сөзге келмей, қар кешкіш машинасына мінді. Белуардан қарға малтығып жүріп, балаларды тауып алды. Ес-түссіз жатқан баланың аяқ-қолының ұшын үсік шала бастапты...
– Сіз түн ортасында көмек беруден бас тартуыңызға да болатын еді ғой? – деген журналистердің сұрағына Вячеслав таңдана жауап қатты.
– Қалайша? Бізде барлығы да осындай, дәл мен сияқты көмекке ұшар еді!
Осы салтанатқа қатысқан «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов «Кең жүрек» белгісін «БКстрой» жауапкершілігі шектеулі сері