• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Тамыз, 2013

Жұмыс сапарымен барды

239 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Түске дейін бірінші вице-премьер «Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы аясында салынған Көкарал плотинасының жұмысымен танысты. Аталған жоба Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын және экологиялық тепе-теңдікті жетілдіру, сонымен қатар, өңірде балық шаруашылығын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Арал қаласында Бақытжан Сағынтаев 2009 жылы пайдалануға берілген балық өнімдерін қайта өңдеу зауытында болды. Мұндағы кешен Еуроодақ елдеріне балық өнімдерін өткізу үшін санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарына (НАССР) сәйкес салынған. Осыдан кейін бірінші вице-премьер «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында тұрғызылып жатқан үйлердің құрылысын қарап шығып, Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде орналасқан 660 бас ірі қара мал кешенінің және «РЗА» АҚ сүт өнімдерін өңдеу зауытының жұмысын көрді. Одан соң Бақытжан Сағынтаев Ғани Мұратбаев ауылдық округінде болып, онда ауыл әкімдерінің сайлауға дайындық барысы жөніндегі ақпаратты тыңдады және округтің әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныс­ты.

Түстен кейін бірінші вице-премьер 2 шілдеде «Байқоңыр» космодромынан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасығышы құлаған аумақты қарап шықты. Сондай-ақ, «Гагаринский старт» алаңында және «Байқоңыр» космодромының мұражай кешенінде болды және Төретам ауылындағы 100 адамдық аурухананың жаңа ғимаратын көріп шықты. Байқоңыр қаласында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «Протон-М» зымыран тасығышы құлаған аймақтағы зардаптарды жою жөніндегі жұмыс комиссиясының қорытындылары бойынша кеңес өткізеді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі.