Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғыны өзіне ұнамайтын азаматты үйіне кіріп бара жатқан жерінен атып өлтірді. Бұл туралы «Ақжайық» газеті жазады.
Облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының және Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол еш жерде жұмыс істемейтін Құлсары тұрғыны болып шықты. Одан заттай айғақ ретінде 16-шы калибрлі қосауыз аңшы мылтығы тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Данияр Түймебай.