• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2013

Қостанай облыстық Ассамблеясы құрамы казак атаманымен нығайды

396 рет
көрсетілді

Қостанайда өткен Қазақстан халықтары облыстық Ассамблеясының 21-ші сессиясында кетіп қалғандар орындарына мүше кіргізу мәселесі қаралды. Ол ұйымның 5 мүшесін жаңартты. Мұны «Наша газета» хабарлады.

Сессияның шешімі бойынша кетіп қалғандардың орындарын облыстық білім басқармасының басшысы Әлия Төртқараева, «Қазақстан» темір жолы облыстық филиалының директоры Әлібек Татанов, торғай гуманитарлық колледжінің директоры Сабыржан Тасмағамбетов, облыстық мұсылмандар діни бірлестігінің жетекшісі, облыстың марал ишан мешітінің хатиб-имамы Асылхан Түсіпбек және Орынбор казактары Қостанай қауымдастығының атаманы Виктор Чемпалов басты.

Сұлтан Бозайғыр.