• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2020

Алматы облысында 60 000 адам жұмыссыз ретінде тіркелген

603 рет
көрсетілді

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, аймақта ресми тіркелген жұмыссыздар саны 60 мың адамды құрайды.

Оның ішінде екі қолға бір күрек іздеп жүрген жастардың үлесі 20 мыңның шамасында екен. Сондай-ақ, 2019 жылы өңірдегі жұмыссыздықпен күресуге 15 млрд теңге қаражат қарастырылып, жұмсалған көрінеді. Осы бағдарлама аясында 1400 тұрғынға жеке кәсібін ашу үшін 505 000 теңге көлемінде арнайы грант берілген.

Ал жұмыссыздар тізіміндегі 85 жас 252 000 теңге мөлшерінде қолдау қаржысын иеленген.