• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қаңтар, 2020

Алты көлік қар құрсауынан шығарылды

915 рет
көрсетілді

Жолға шыға алмай тұрған адамдарға жатын орын мен тамақ ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан кешелі бері қалың қар мен ат құлағы көрінбейтін боранның құрсауынан шыға алмай тұр. Кеше өңірде бір емес, бірнеше бағытта жолдар жабылды.

Құтқарушылар Семей маңында ығып кеткен қойшыны аман-есен тапты.

Бүгін де «кәрі құда» аймақ жұртын әлекке салды. Құдайдың құтты жылы қар қалың түсетін Көкпектіде биыл ақ ұлпа жылдағыдан мол.

«Бүгін Байбура жолында қалған алты автокөлік құтқарылды. Жолға шыға алмай тұрған адамдарға жатын орын мен тамақ ұйымдастырылды. Кешелі бері аудан бойынша 43 техника күні-түні тыным таппай, қар тазалап жатыр» дейді Көкпекті аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев.

 Шығыс Қазақстан облысы