Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаңтардың 17-і күні 1988 және 1989 жылы туған екі ер адам сағат 17:00-де Мауке бөлімшесінен УАЗ автокөлігіне шығып кетіп, жоғалып кеткен.
Департамент қызметкерлері жедел сағат 21.45-те Лекер ауылының Мауке бөлімшесінде іздестіру жұмыстары жүргізілді.
-Іздестіру жұмыстарына департаменттің 4 қызметкер, 1 техника және жоғалған адамның туысы іздестіру шараларына жұмылдырылды.
Сөйтіп 18 қаңтар күні сағат 02.20-де. іздеу тобы оларды Мауке бөлімшесіненен 1, 5 шақырым қашықтықта тауып, аудан орталығына жеткізеді.
Ауылдың екі тұрғынының жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмаған.